Академиялық ұтқырлық саласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында 2026 жылғы 16–23 қараша аралығында экономика ғылымдарының докторы, профессор Е. В. Зенина А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын Ф-25-01 тобының екінші курс студенттеріне «Бухгалтерлік есеп» пәнінен сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттер бухгалтерлік есептің өзекті мәселелерін, соның ішінде материалдық емес активтерді, міндеттемелерді, капитал мен резервтерді есепке алу ерекшеліктерін қарастырды.
Сабақтар заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып, интерактивті форматта өтті. Мұндай тәсіл студенттердің оқу үдерісіне белсенді қатысуына, кәсіби мәселелерді талқылауына және тәжірибе алмасуына ықпал етті.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, ғылыми-білім беру байланыстарын кеңейтуге және мамандар даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Өткізілген сабақтар кәсіби байланыстарды дамытуға және ЕАГИ-дің оқу үдерісіне заманауи білім беру тәсілдерін енгізуге бағытталған маңызды қадам болды.

