Кадр қызметінің басшылығы, сондай-ақ жетекші бөлімшелердің жауапты қызметкерлері өткізген сабақтың барысында студенттер қазіргі жағдайдағы ішкі істер органдары қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерімен танысты. Білім алушылар полиция басқармасының негізгі қызметтерінің, атап айтқанда: тергеу және анықтау қызметінің, рұқсат беру жүйесі бөлімінің, ювеналды полицияның, жедел-криминалистикалық бөлімнің жұмысымен танысты. Полиция басқармасының қызметкерлері студенттермен ҚР Ішкі істер органдары жүйесін реформалау, 2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру жағдайында полицияның сервистік моделін дамыту (құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында) ерекшеліктеріне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өткізілген сабақ студенттердің белсенді қызығушылығын тудырды және жас мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, сондай-ақ олардың ішкі істер органдары жүйесіндегі кәсіби қызметтің ерекшеліктері туралы хабардарлығын кеңейтуге ықпал етті.
[bvi text="Версия для слабовидящих"]



