Іс-шараның мақсаты — түлектерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, жоғары оқу орындарындағы білім беру бағыттары мен оқу ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.
Кездесу барысында практикадан өтіп жүрген студенттер институттағы сұранысқа ие білім беру бағдарламалары, студенттік өмірдің ерекшеліктері, академиялық ұтқырлық, тәжірибеден өту және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып өтті. Оқушылар әсіресе мамандық таңдау, болашақтағы мансаптық өсу, сондай-ақ ғылыми және қоғамдық жұмыстарға қатысу мәселелеріне қызығушылық танытты.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті, оқушылар оқу орнына түсу, гранттар, студенттік белсенділік және оқу шарттары туралы сұрақтарын белсенді түрде қойды. Еркін әңгіме өзара сенім мен қызығушылыққа толы атмосфера қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Осындай кездесулер түлектердің саналы түрде мамандық таңдауына ықпал етіп, мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізеді..








