А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ЕАГИ-де IDP IELTS – Info Session ақпараттық кездесуі өтті

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты базасында IDP IELTS қолдауымен институт студенттері ұйымдастырған IDP IELTS – Info Session ақпараттық кездесуі өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттерді халықаралық IELTS емтиханының құрылымымен, дайындық ерекшеліктерімен және жоғары балл жинау мүмкіндіктерімен таныстыру. Кездесу аясында шеберлік сабақтары, интерактивті сессиялар ұйымдастырылып, тапсырылған емтихандар бойынша сәтті кейстер (IELTS 8.5–9.0, SAT 1550) талданды.

Спикер ретінде халықаралық емтихандарға даярлау саласындағы тәжірибелі оқытушылар мен сарапшылар сөз сөйлеп, тиімді дайындық стратегияларымен бөлісті, практикалық кеңестер беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Мазмұнды кездесуде студенттерге өзекті ақпарат ұсынылып қана қоймай, академиялық және кәсіби дамуына қосымша мүмкіндіктер ашылды.

Прокрутить вверх