“Аналар күні” қарсаңында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы бастау алады!
Бұл игі бастама көпбалалы аналарды қолдауға, оларға қамқорлық пен жылулық сыйлауға бағытталған!
Күн сайын балалары үшін бар мейірімін төгіп жүрген аналарға аз да болса қуаныш сыйлау – баршамыздың ортақ парызымыз!
Акция аясында келесі заттар қабылданады:
— ұзақ сақталатын азық-түлік өнімдері;
— мектеп құралдары;
— гигиеналық заттар.
Өтетін күндері:
23 сәуір (09:00–14:00)
24 сәуір (09:00–13:00)
Өтетін орны: А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
Әрқайсымыздың кішкентай көмегіміз – біреуге үлкен қолдау бола алады!
Жақсылық жасап жарысайық, жүректен шыққан жылуды бірге сыйлайық!

