А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Практикаға бағытталған семинар

2026 жылдың 16 сәуірде «Мектепке дейінгі білім беру (IP)» білім беру бағдарламасының ДО-25-01 тобының 1 курс студенттеріне балабақша №32 әдіскері Салтанат Дусмағанбетқызының қатысуымен практикаға бағытталған семинар өткізілді.
Семинар барысында студенттерде заманауи тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігі туралы түсінік қалыптастырылып, мектепке дейінгі ұйымдағы жұмысты ұйымдастырудың өзекті тәсілдері қарастырылды. Ерекше назар баланың дамуындағы ойын әрекетінің рөліне аударылды. Практикалық мысалдар негізінде ойын технологияларын қолдану балалардың танымдық, коммуникативтік және тұлғалық қасиеттерін дамытуда жоғары тиімділікке ие екендігі көрсетілді.
Мұндай іс-шаралар теориялық дайындық пен кәсіби тәжірибе арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.
Болашақ тәрбиешілерге табыс, шабыт және кәсіби өсу тілейміз!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх