А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Халықтық Конституция: студенттермен маңызды диалог

2026 жылғы 16 сәуірде заң ғылымдарының кандидаты, доцент Крушинская Екатерина Викторовна Тұран-Астана университеті студенттерімен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында Халықтық Конституцияның негізгі ережелері мен құндылықтары, соның ішінде заң үстемдігі, әділеттілік және азаматтардың құқықтарының теңдігі қағидаттары түсіндірілді.

Кездесу ашық диалог форматында өтті, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзекті құқықтық тақырыптарды талқылауға мүмкіндік алды.

Осындай кездесулер жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

Прокрутить вверх