А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

EAGI өкілі «SMART-KOSSHY» семинарына қатысты

Аға оқытушы А.М. Сәрсенова Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «SMART-KOSSHY»: «Білім беру жүйесінде жасанды интеллектті қолдану» қалалық семинарға қатысты. Іс-шара №2 және №4 жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен оқушыларына арналды.

Семинар барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, баяндамалар жасады. Іс-шарадан кейін А.М. Сәрсенова әртүрлі тақырыптар бойынша воркшоптарға қатысып, мектептердің педагогикалық ұжымымен және оқушыларымен кездесті.

Сонымен қатар, ол А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтын таныстырып, атап айтқанда «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Аударма ісі» білім беру бағдарламалары, білікті мамандарды даярлау ерекшеліктері, оқу бағыттары, оқуға түсу талаптары мен қажетті құжаттар жөнінде кеңінен ақпарат берді.

Прокрутить вверх