2026 жылғы 23 сәуірде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының (ЕАГИ) Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментінің директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Мейрамова Салтанат Акимовна Қытай Халық Республикасының East China Normal University базасында өткен 2026 Shanghai Climate Week Climate Change Education Forum халықаралық конференциясына қатысты.
Форум аясында С.А. Мейрамова «Climate Change Higher Education: Practical Pathways for Green Development in Kazakhstan: EAGI Case» тақырыбында баяндама жасап, ЕАГИ-де климаттық білім беруді гуманитарлық жоғары білім жүйесіне енгізу бойынша институционалдық тәжірибені таныстырды.
Баяндамасында ЕАГИ-де әзірленген, интернационалдандыру, академиялық ұтқырлық, тілдік білім беру және цифрлық технологияларды үйлестіруге негізделген практикалық бағыттағы климаттық білім беру моделінің негізгі қағидалары ашылды. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарындағы климаттық білім беру теориялық сипаттан қолданбалы дағдыларды қалыптастыруға және студенттердің белсенді қатысуына бағытталуы тиіс екендігі атап өтілді.
Институт қызметінің келесі бағыттары ұсынылды:
— тілдік пәндерге климаттық мазмұнды енгізу;
— академиялық ұтқырлықты климаттық білім беру құралы ретінде пайдалану;
— «жасыл» білім беру трансформациясының ресурсы ретінде халықаралық серіктестікті дамыту;
— білім беру процесінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану арқылы студенттердің аналитикалық дағдыларын дамыту.
Сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарын іске асыруда гуманитарлық жоғары оқу орындарының маңызы, атап айтқанда коммуникация, мәдениетаралық өзара әрекет және жаһандық экологиялық үдерістерді түсіну дағдылары бар мамандарды даярлау қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Баяндама форум қатысушыларының қызығушылығын тудырып, климаттық білім беру мен «жасыл» даму мәселелері бойынша халықаралық диалогты дамытуға үлес қосты. ЕАГИ тәжірибесі басқа гуманитарлық университеттерде қолдануға болатын тиімді модель ретінде бағаланды.
С.А. Мейрамованың аталған іс-шараға қатысуы ЕАГИ-дің халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы және жаһандық экологиялық сын-қатерлерге жауап беретін заманауи білім беру тәсілдерін ілгерілетудегі белсенді ұстанымын көрсетеді.


