2026 жылдың 27 сәуірінен бастап «Жалпы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Ж.А. Таджибаева институтымызда дәріс сабақтарын өткізуді бастады. Дәрістер «Бастауышта білім беру» (ІР), «Мектепке дейінгі білім беру» (ІР) және «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған. Сабақтар барысында студенттер заманауи педагогикалық тәсілдермен танысып, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиенің ерекшеліктерін зерделеуде. Мұндай академиялық байланыстар білім сапасын арттыруға, кәсіби тәжірибе алмасуға және болашақ педагогтардың құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.
[bvi text="Версия для слабовидящих"]


