А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Бос жұмыс орындары жәрме

2026 жылғы 28 сәуірде «Құқықтану» білім беру бағдарламасының бітіруші курс студенттері «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2026» іс-шарасына қатысты. Іс-шараға жұмыс беруші ұйымдардың өкілдері, атап айтқанда Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігінің департаменті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті және Астана қаласы Полиция департаментінің патрульдік полиция полкі қатысты.

Жәрмеңке барысында студенттер жоғары белсенділік танытып, өзекті бос жұмыс орындарына, жұмысқа орналасу шарттарына, үміткерлерге қойылатын талаптарға қызығушылық білдірді. Сонымен қатар, қатысушылар жұмыс берушілерге өз түйіндемелерін ұсынып, кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік алды. Аталған іс-шара студенттердің еңбек нарығы туралы ақпараттану деңгейін арттырып, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Прокрутить вверх