1941-1945 жылдары сұрапыл соғыста жеңіске жол ашқан халықтың ерлігі, батырлығы, қайсар рухы мен отансүйгіштік қасиеттерін насихаттауға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, оны кітапсүйер оқырман зор ықыласпен тамашалады. Көрмеде соғыс жылдарындағы тарихи шындықты деректі хронология, ғылыми құжаттар, көркем әдебиет пен жырлар арқылы танытатын құнды еңбектер ұсынылды.
Атап айтқанда, «Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігі – архив құжаттарында» жинағы, Т. Балақаевтың «Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде (1941–1945 жж.)», Т. Қышқанбайдың «Тағдыры тарихқа айналған», А. Мартиросянның «Накануне 23 августа 1939 года» монографиясы, Ә. Нұршайықовтың «Боздақтар» шығармасы, Уинстон Черчилльтің үш томдық «Вторая мировая война» еңбегі, С. Сейітовтың «Майдангер көзімен», сондай-ақ Бауыржан Момышұлы мен Александр Бектің шығармалары оқырман назарына ұсынылды.
Көрме барысында қатысушылар тарихи еңбектермен танысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, қажетті деректер мен маңызды мәліметтерге назар аударды.
Халықтың өжеттігі мен қаһармандығы ел жадында мәңгі сақталады. Жауынгерлер есімі — өшпес даңқ. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды, өйткені олардың ерлігі тарих парақтарында мәңгілікке жазылған.


