А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Педагогика және тарих кафедрасы Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

2026 жылдың 4 маусымында педагогика және тарих кафедрасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шара ұйымдастырды.
Мемлекеттік рәміздер күні – еліміздің Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданған тарихи күн. Бұл мереке қазақстандықтардың патриоттық рухын нығайтып, тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.
Іс-шара барысында қатысушылар мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, олардың маңызы мен мәні туралы ақпарат алып, еліміздің тәуелсіздігі мен ұлттық бірегейлігін айқындайтын рәміздерге құрмет көрсету қажеттілігі туралы пікір алмасты.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың бірлігі мен тұтастығын, егемендігі мен жарқын болашағын бейнелейтін қасиетті нышандар. Оларды құрметтеу – әрбір азаматтың парызы және елге деген сүйіспеншіліктің көрінісі.
Педагогика және тарих кафедрасы баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтап, еліміздің өркендеуі жолында аянбай еңбек етуге және мемлекеттік рәміздерімізді әрдайым қастерлеуге шақырады.
Прокрутить вверх