Іс-шара қордың білім беру бағдарламасының қорытындыларын шығаруға және қор қолдауының арқасында оқуын табысты аяқтаған түлектерді марапаттауға арналды. Салтанатты рәсім барысында түлектерге «Қазақстан халқына» қорының атынан алғыс хаттар мен естелік төсбелгілер табысталды.
Кездесуге қатысушылар жастарға сапалы жоғары білім алуға қосымша мүмкіндік беретін қордың әлеуметтік бастамасының маңыздылығын ерекше атап өтті. Түлектер атынан қор басшылығына көрсетілген қолдау, білім беру саласына деген қамқорлық және Қазақстанның болашақ мамандарын даярлауға қосқан үлесі үшін шынайы алғыс сөздер айтылды.
ЕАГИ түлектерінің аталған іс-шараға қатысуы «Қазақстан халқына» қоры ұсынған білім беру мүмкіндіктерінің табысты жүзеге асуының айқын дәлелі әрі институт тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болды.





