Іс-шара аясында ғылым мен білімнің өзекті бағыттарына арналған жаңа әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрме үш негізгі тақырып бойынша ұсынылған: «Жасанды интеллект», «Логопедия» және «Инклюзивті білім беру».
Көрмеге келушілер кітапхана қорына жаңадан түскен оқу, ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттермен, сондай-ақ 2026 жылғы мерзімді басылымдармен танысу мүмкіндігіне ие.
Сонымен қатар, оқырмандар үшін ұсынылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жүргізіліп, жаңа басылымдардың мазмұны мен маңыздылығы таныстырылуда.
Баршаңызды кітапханадағы «Ақпарат күндері» көрмесіне қатысып, жаңа ақпараттық ресурстармен танысуға шақырамыз.





