А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Құрметті Нурбану Токеновна!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан жолданған құттықтауға ие болуыңызға орай А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты ұжымының атынан жүрекжарды тілегін қабыл алыңыз!

Бұл құттықтау – Сіздің отандық білім беру саласын дамытуға қосқан сүбелі үлесіңізге, сондай-ақ жоғары кәсібилігіңіз бен көшбасшылық қасиеттеріңізге берілген зор құрмет пен жоғары бағаның айқын көрінісі.

Сізге зор денсаулық, сарқылмас қуат, отбасыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз.

Әрбір күніңіз қуанышқа, шабытқа және жаңа кәсіби жетістіктерге толы болсын! Өмір жолыңызда да, еңбек жолыңызда да әрдайым сәттілік серік болып, биік белестерді бағындыра беруіңізге тілектеспіз!

Құрметпен,

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы

Прокрутить вверх