2026 жылғы 12 тамызда Ғылым және жоғары білім министрлігінің қатысуымен өткен отырыста А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ректоры Н.Т. Ныгыманова 2025–2026 оқу жылында атқарылған идеологиялық және тәрбие жұмыстарының қорытындысы туралы есеп берді.
Отырыста білім алушылар арасында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, азаматтық-патриоттық, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, еңбек және кәсіпкерлік құндылықтарды дәріптеу, экологиялық мәдениет пен әлеуметтік белсенділікті дамыту бағыттары сараланды.
Сонымен қатар, жаңа оқу жылына арналған басым бағыттар айқындалды. Атап айтқанда, білім алушылардың академиялық, ғылыми-зерттеу, әлеуметтік және спорттық жетістіктерін кешенді бағалайтын интегралды GPA (IGPA) жүйесі енгізіліп, мемлекеттік құндылықтар мен Жаңа Конституциялық нормаларды білім беру үдерісіне кіріктіруге бағытталған пәндік тақырыптық модульдер іске қосылады.
Аталған жаңа бағыттар білім алушылардың жан-жақты дамуына, азаматтық жауапкершілігі мен әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған.
Идеологиялық және тәрбие жұмысының қорытындысы туралы есеп


