А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

АЛҒАШҚЫ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТТАР ЛЕГІ

2026 жылғы 1 қыркүйекте 6В04209 «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бірінші курс студенттерінің топ кураторлары заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Н. Альмухамбетов ЮҚ-26-01 және ЮТҚ-26-01 академиялық топтарына, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Е.В. Крушинская ЮР-26-01 және ЮРТ-26-01 академиялық топтарына алғашқы кураторлық сағаттарын өткізді.

Кураторлық сағат барысында бірінші курс студенттеріне институттағы білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, ішкі тәртіп ережелері, білім алушыларға қойылатын негізгі талаптар, ағымдағы және аралық бақылауды өткізу тәртібі, сондай-ақ студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері таныстырылды.

Бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнындағы оқу жағдайына бейімделуіне, академиялық адалдық қағидаттарын, ішкі тәртіп ережелері мен мінез-құлық әдебін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, кураторлар білім алушылардың құқықтары мен міндеттерін, оқытушылармен және институт әкімшілігімен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ сабақтан тыс және қоғамдық жұмыстардың негізгі бағыттарын түсіндірді.

Кураторлық сағат соңында студенттер өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, оқу процесін және студенттік өмірін ұйымдастыру мәселелеріне қатысты ақпарат алды.

Прокрутить вверх