А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Білім әлемінде

1-курс студенттеріне арналған кәсіптік бағдар беру апталығы аясында кітапхана қызметкерлері экскурсиялық шолу ұйымдастырып, кітапхана қызметін, сондай-ақ электрондық ресурстарды пайдалану ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кітапхананың конференц-залында өткен жеке және топтық кездесулер барысында студенттерге оқу мәдениетін дамытуға және арттыруға бағытталған кітапханада өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шаралар мен анықтамалық-библиографиялық жұмыстар, оқу-білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды пайдалану, сондай-ақ оқу құралдарымен, танымдық және көркем әдебиеттермен толық қамтамасыз етілуі туралы презентация таныстырылды.

Кітапхана қызметкерлері Э.Д. Бекбулатова және А.С. Оспанова қатысушыларға оқырман формулярын және оқырман билетін рәсімдеу тәртібін жан-жақты түсіндірді.

Кураторлар, менторлар және 17 топтың старосталарымен бірге келген студенттерді, жалпы саны 541 қатысушыны, оқу үдерісінде қосымша техникалық құралдарды, байланыс және интернет ресурстарын пайдалану, сондай-ақ жаңа баспа өнімдері туралы ақпараттар қызықтырды.

Кітапханаға студенттердің ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз етуде белсенділік танытқан кураторлар А. Еслямова, Б. Ерланқызы, А. Мейрамова, Ж. Альмухаметов, А. Сәкенқызына, сондай-ақ менторлар А. Калумкулова, А. Медильханова және В. Васьковскийге (ИЯ 24-01) ерекше алғыс білдіреміз.

Қазіргі білім беру кеңістігінің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттіліктің артуына байланысты жоғары білім деңгейі мен жасанды интеллектіні пайдалану дағдыларын меңгерген мамандарға сұраныс жоғары.

Пайдаланушылардың ақпараттық-анықтамалық қызметтерге деген заманауи қажеттіліктерін ескере отырып, оқу залдары мен кітап беру аймақтарында эстетикалық қабылдауға, білім алуға және жұмыс істеуге қолайлы әрі жайлы жағдай жасалған.

Прокрутить вверх