А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

«Оқудан қызметке дейін: болашақ тергеушілерді рекрутингтеу және дуальды оқыту» тақырыбында қонақ дәрісі

«Еуразиялық гуманитарлық институтымен» жасалған меморандум аясында, сондай-ақ жас және перспективалы мамандарды ішкі істер органдарына қызметке тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде ІІМ Тергеу департаменті басқармасының бастығы, полиция полковнигі Десюпов А.С. 2026 жылғы 18 қыркүйекте «Оқудан қызметке дейін: болашақ тергеушілерді рекрутингтеу және дуальды оқыту» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.

Студенттермен кездесу барысында ішкі істер органдарының тергеу бөлімшелерінде қызмет етудің артықшылықтары, кәсіби және мансаптық өсу перспективалары, әлеуметтік кепілдіктер, сондай-ақ біліктілікті арттыру және кәсіби дағдыларды дамыту мүмкіндіктері түсіндірілді.

«Заң және Тәртіп» идеологиясына ерекше назар аударылып, оның жоғары құқықтық мәдениетті, заңға деген құрметті және оны сақтауға жауапты көзқарасты қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді.

Дәріс барысында жас мамандардың заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда маңызды рөл атқаратыны да атап өтілді.

Прокрутить вверх