2026 жылғы 18 қыркүйекте А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының Шет тілдері және аударма ісі кафедрасында ШТ-23-01, ШТ-23-02 және ШТ-23-04 топтарының студенттеріне арналған «Заңды білу — өз құқықтарыңды қорғау» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шара кураторлар С. Е. Давлетова, С. М. Султанова және Г. Е. Букембаеваның жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Іс-шараға барлығы 63 студент қатысты. Ақпараттық сағаттың негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және өз құқықтары мен міндеттерін білуге бағыт беру.
Іс-шара барысында студенттерге азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын орындаудың маңыздылығы, құқық бұзушылықтың алдын алу және өз құқықтарын заңды жолмен қорғау тәсілдері түсіндірілді. Тақырып аясында пікір алмасу ұйымдастырылып, студенттердің сұрақтарына жауаптар берілді.
Ақпараттық сағат қорытындысында заңды білу мен оны құрметтеудің әрбір азамат үшін маңыздылығы атап өтілді. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және заңға құрметпен қарау ұстанымын нығайтуға ықпал етеді.






