А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ЕАГИ волонтерлері қарттарға мерекелік көңіл күй сыйлады

2 қазан күні ЕАГИ волонтерлік орталығы Қарттар күніне орай «Жаңашыр» қарттар мен ардагерлерге арналған пансионатында мерекелік концерт ұйымдастырды.

Студенттер өнер көрсетіп, пансионат тұрғындарына жылы лебіздерін білдіріп, зор денсаулық пен амандық тіледі. Ізгілік пен сыйластыққа толы кездесу үлкендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мұндай игі шаралар жастардың бойында үлкенге құрмет, жанашырлық пен қамқорлық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Аға буынға ізет көрсету — ұрпақтың ортақ міндеті.

Прокрутить вверх