А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Тарихпен тағылымды жүздесу

2026 жылғы 1 қазанда «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1–3 курс студенттері «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешеніне барды.

Экскурсия барысында студенттер лагерь тарихымен, оның экспозицияларымен, бірегей құжаттарымен және Қазақстан тарихының қасіретті кезеңдерін бейнелейтін құнды жәдігерлерімен танысты.

Экскурсия студенттер үшін маңызды танымдық әрі тәрбиелік іс-шара болды. Ол студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, еліміздің тарихи өткенін тереңірек түсінуге, ұлттық құндылықтар мен тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Прокрутить вверх