А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

«Мамандыққа бастар жол»: институт студенттерінің түлекпен кездесуі

2026 жылғы 8 қазанда Еңбек күніне арналған іс-шаралар аясында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының түлегі, адвокат Темирлан Мурзалымен студенттердің кездесуі өтті.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде қонақ өзінің оқу кезеңі, кәсіби қалыптасу жолы және адвокаттық қызметтің ерекшеліктері туралы әңгімеледі. Кәсіби этикаға, заңгердің жауапкершілігіне, қажетті құзыреттерге және мансаптық өсу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, құнды практикалық ұсыныстар алды. Кездесу студенттердің кәсіби ынтасын арттыруға, адвокаттың қызметі туралы түсініктерін кеңейтуге және институттың түлектерімен байланысын нығайтуға ықпал етті.

Прокрутить вверх