А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

«Вандализм — мәдени және қоғамдық құндылықтарды жою»

2026 жылғы 9 қазанда ЮР-25-01 академиялық тобында заң ғылымдарының кандидаты, Құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, куратор Г. А. Канафинаның жетекшілігімен «Вандализм — мәдени және қоғамдық құндылықтарды жою» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — студенттердің қоғамдық және жеке меншікке ұқыпты қарауын қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, вандализм көріністерінің алдын алу, сондай-ақ өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.

Кураторлық сағат барысында студенттер вандализм ұғымымен және оның түрлерімен танысып, оның себептерін, салдарын және заңда көзделген жауапкершілікті талқылады. Қатысушылар қоғамдық мүлік пен мәдени құндылықтарды сақтау әр адамның саналы көзқарасы мен белсенді азаматтық ұстанымына байланысты деген қорытындыға келді.

Прокрутить вверх