А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

2027 жылға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың төмендегі басым бағыттары бойынша 2027 жылға арналған «Жас ғалым» жобасы шеңберінде жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жариялайды (іске асыру мерзімі – 36 ай):

– Климаттық тұрақтылық, су қауіпсіздігі, табиғи ресурстар, агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы;

– Технологиялық егемендік және өнеркәсіптік бәсекеге қабілеттілік;

– Денсаулық, адами даму және өмір сапасы;

– Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және аумақтар мен сыни инфрақұрылымның орнықтылығы;

– Іргелі зерттеулер, ғылыми негіз және ғылыми әлеует.

Конкурстық өтінімдер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне электрондық түрде, ғылыми жетекші мен өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылып, «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның ақпараттық жүйесі арқылы https://is.ncste.kz сілтемесі бойынша ұсынылады.

Өтінімдерді қабылдау басталатын күн: 2026 жылғы 12 қазан.

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 10 қараша (қоса алғанда).

Әлеуетті үміткерлермен жұмыс жүргізу үшін кестені 2026 жылғы 14 қазан күні сағат 18:00-ге дейін толтырып, zhartayzh@gmail.com электрондық пошта мекенжайына жіберу қажет.

Прокрутить вверх