2026 жылғы 22 қазанда «Тұран-Астана» университетінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Оқу – өркениет өзегі» атты университетаралық оқырмандар конференциясы өтті. Іс-шараға елорданың жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, әдеби шығармаларды талдау шеберліктерін көрсетіп, оқырмандық көзқарастарымен бөлісті.
Конференция қорытындысы бойынша А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Әлішер Ерланұлы жүлделі І орынды иеленді. Оның жетекшісі — институт кітапханашысы Бибизат Абдуганиева.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Сымбат Советова мен Феруза Асубаева жүлделі ІІ орынға ие болды. Студенттердің ғылыми жетекшісі — Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, PhD Мөлдір Аманғазықызы.



