2026 жылғы 27 қазанда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты (ЕАГИ) мен Ақтау қаласындағы «Каспий өңірі “Болашақ” колледжі» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа ЕАГИ ректоры Ныгыманова Нұрбану Төкенқызы және Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің директоры Қаламқали Гүлжан Мұхитқызы қол қойды.
Кездесу барысында тараптар «Құқықтану» және «Бастауыш білім беру IP» білім беру бағдарламалары бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын іске асыру перспективаларын талқылады.
Бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларға арналған семинарлар мен тренингтер ұйымдастыруға, дуальды оқыту бағытын дамытуға, сондай-ақ студенттердің серіктес ұйымдар базасында кәсіптік практикадан өту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Меморандумға қол қою серіктестік қатынастарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға, мамандар даярлау сапасын арттыруға және бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды қадам болды.






