А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ЕАГИ-де бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті

2026 жылғы 27 қазанда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында бірінші курс білім алушыларын студенттер қатарына қабылдауға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында институт ректоры Н.Т. Ныгыманова бірінші курс студенттерін өмірлеріндегі жаңа кезеңнің басталуымен құттықтап, білім алудың, кәсіби дамудың және тұлғалық қалыптасудың маңыздылығына тоқталды.

Институттың жыл сайынғы дәстүріне сәйкес, салтанатты кеш барысында түрлі пәндік олимпиадалар мен ғылыми конкурстарға белсенді қатысып, жетістіктерге қол жеткізген студенттер марапатталды. Бұл олардың білімге деген құштарлығын, ғылыми ізденіске қызығушылығын және белсенді өмірлік ұстанымын қолдаудың маңызды көрінісі болды.

Мерекелік іс-шараны ЕАГИ Жастар ісі жөніндегі комитеті мен институттың шығармашылық ұжымдары ұйымдастырды. Студенттердің орындауындағы әндер, билер мен түрлі шығармашылық қойылымдар кештің сәнін келтіріп, көрермендерге ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады. Жастардың өнері мен шығармашылық белсенділігі кештің мазмұнын байытып, студенттік өмірдің жарқын атмосферасын қалыптастырды.

Студенттер қатарына қабылдау рәсімі – тек дәстүрлі мерекелік іс-шара ғана емес, сонымен қатар жастардың академиялық ортаға бейімделуіне, институт құндылықтарын бойына сіңіруіне және біртұтас студенттік қауымдастықтың мүшесі екенін сезінуіне мүмкіндік беретін маңызды оқиға.

Барша бірінші курс студенттерін жаңа өмірлік кезеңнің басталуымен құттықтаймыз! Студенттік жылдарыңыз жаңа мүмкіндіктерге, жарқын жетістіктерге және ұмытылмас сәттерге толы болсын!

Қош келдіңіздер, ЕАГИ студенттері!

Прокрутить вверх