2026 жылғы 27 қазанда Ә. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Конституциялық сауаттылық» атты ашық диктант өтті.
Бастама студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға және Ата Заңға құрмет қалыптастыруға бағытталған. Диктант мазмұнында адам құқықтары мен бостандықтары, жеке өмірді қорғау, білімнің құндылығы және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік мәселелері қамтылды.
Студенттер үшін бұл — жазу сауаттылығын тексерумен қатар, конституциялық құндылықтардың күнделікті өмірмен байланысын түсінуге мүмкіндік. Өзара сыйластық, цифрлық ортадағы әдепті мінез-құлық және қоғамдық өмірге саналы қатысу құқықтық мәдениеттен басталады.
Өз құқығыңды білу, өзгенің құқығын құрметтеу және әр әрекетіңе жауап беру — «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстанудың негізі!







