А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ЕАГИ-де Гранада университетінің (Испания) профессорының кезекті кездесуі өтті

2026 жылғы 6 қарашада А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Visiting Professor бағдарламасы аясында 2026 жылғы 1–9 қараша аралығында ЕАГИ-ге келген Гранада университетінің (Испания) профессоры Энрике Федерико Керо Хервильямен кезекті кездесу өтті.

Сапар барысында профессор студенттерге жазбаша және ауызша аударманың, мәдениетаралық коммуникацияның және нейрондық аударма технологияларын қолданудың өзекті мәселелері бойынша дәрістер өткізді. Болашақ аудармашылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға ерекше назар аударылды. «Жаһандық әлемде болашақ аудармашы мамандарды қалай даярлау керек?» атты дөңгелек үстелде Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушыларымен бірлесіп, мамандар даярлаудың заманауи тәсілдері мен аудармашы мамандығына қойылатын талаптар талқыланды.

Кездесу барысында ЕАГИ ректоры Нурбану Токеновна Ныгыманова профессорға атқарған жұмысы, тәжірибе алмасуы және халықаралық ғылыми-академиялық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, сертификат пен алғыс хат табыстады.

Энрике Федерико Керо Хервильяның қайталама сапары Гранада университетімен ынтымақтастықтың жалғасы болып, лингвистика, аударма және мамандар даярлау салаларындағы кәсіби диалогті кеңейтуге мүмкіндік берді.

Прокрутить вверх