2026 жылғы 10 қарашада Астана қаласындағы Музыкалық жас көрермен театрында «Сөз құдіреті – ұлт руханияты» атты көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Студенттер арасындағы байқауды Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ұйымдастырды.
Байқауда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын ҚТ-24-01 тобының студенті Жеткер Аңсаған жүлделі ІІІ орын иеленді. Аңсағанды байқауға жетекшісі, аға оқытушы, магистр Г.Қ. Қиарыстанова дайындады.
Институт ұжымы Аңсағанды және оның жетекшісін жүлделі орынмен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді!




