А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ЕАГИ-де «Қазақстанда мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болады?» тақырыбында семинар өтті

2026 жылғы 11 қарашада заң пәндері кафедрасының оқытушысы, жұмысқа орналастыру мәселелеріне жауапты Н. К. Даурембеков бітіруші курс студенттеріне «Қазақстанда мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болады?» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік қызметке үміткерлерге қойылатын негізгі талаптармен, тестілеуден өту тәртібімен және мемлекеттік қызметке орналасу үшін қажетті құжаттар тізімімен танысты.

Жұмыс іздеудің практикалық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттер мемлекеттік қызметтің eqyzmet.gov.kz ресми порталындағы өзекті бос жұмыс орындарын қарау мүмкіндіктерімен танысты.

Прокрутить вверх