ШТ-23-03 тобының студенті Құдайберген Шұғыла 2026 жылғы 15–16 қазанда АҚШ-тың Iowa State University университетінде гибридті форматта өткен «Constructed Agents: From Imagination to Real Interaction» (Joint 2026 CEAH Symposium and Technology for Second Language Learning Conference) халықаралық конференциясына қатысты.
15 қазанда Шұғыла ауызша баяндамалар секциясында «From Shelley’s Creature to ChatGPT: The Evolution of the ‘Constructed Other’ in Human Imagination and Language Learning» (TSLL26-27) тақырыбында баяндама жасады.
Осындай деңгейдегі конференцияға қатысу студенттің ғылыми қызметіндегі маңызды кезеңге айналып, оның әдебиет, жасанды интеллект және шет тілдерін оқыту тоғысындағы зерттеулерге деген қызығушылығын көрсетті.
Біз Құдайберген Шұғыланың жетістіктерін мақтан тұтамыз және оны сәтті баяндамасымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да ғылыми жетістіктерге жетіп, жаңа жарияланымдар мен кәсіби табыстарға қол жеткізуіне тілектеспіз!
Ғылыми жетекшісі — педагогика ғылымдарының магистрі, доцент Сарсенова А. М.
