2026 жылғы 12 қарашада А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттері Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының доценті А. Г. Кожахметованың жетекшілігімен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті ұйымдастырған «Finlogic&Accounting» жоғары оқу орындары арасындағы интеллектуалдық ойынына қатысты.
«Акулы бизнеса» командасы қаржы саласындағы білімдерін, аналитикалық қабілеттерін және командада жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша студенттер III орынға ие болып, III дәрежелі дипломмен марапатталды.

