2026 жылғы 17 қарашада «Қаржы апталығы – 2026» аясында Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының доценті Кожахметова А. Г. жетекшілігімен студенттер арасында «Цифрлық трансформация жағдайындағы Қазақстанның қаржы жүйесі» тақырыбында бейнероликтер байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, ұлттық валюта, цифрлық қаржы, қаржылық қауіпсіздік және қаржыгер мамандығы туралы білімдерін кеңейту, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Байқауға институттың 1–4 курс студенттері қатысып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Қатысушылардың бейнероликтері тақырыптың өзектілігі, мазмұны, креативтілігі және техникалық сапасы сияқты критерийлер бойынша бағаланды.

