А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ЕАГИ Индонезия университеттерімен ынтымақтастықты кеңейтуде

«Инновациялар, сапа және жаһандық серіктестік арқылы жоғары білімді трансформациялау» атты III Халықаралық стратегиялық серіктестер форумы аясында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты Индонезия Республикасының үш университетімен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды:

— Мадиундағы Индонезия Республикасы Мұғалімдер қауымдастығы университеті (Universitas PGRI Madiun, UNIPMA);
— Риау Ислам университеті (Universitas Islam Riau, UIR);
— Сингапербангса Караванг университеті (Universitas Singaperbangsa Karawang, UNSIKA).

Қол қойылған құжаттар білім беру, ғылыми зерттеулер және қоғамдық қызмет салаларында ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді серіктестікті дамытуға негіз қалайды. Ынтымақтастық кәсіби диалогті нығайтуды, тәжірибе алмасуды, сондай-ақ бірлескен академиялық, ғылыми-зерттеу және қоғамдық маңызы бар бастамаларды жүзеге асыруды көздейді.
Меморандумдарға қол қою ЕАГИ-дің халықаралық байланыстарын кеңейту және Қазақстан мен Индонезия арасындағы жоғары білім мен ғылым салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

Прокрутить вверх