2026 жылғы 19 қарашада Ф-23-01 тобының студенттеріне топ кураторы, доцент Мажитова Б. Б. «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Іс-шара барысында студенттер 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституцияның негізгі жаңалықтарымен танысты. Бір палаталы Парламентке – Құрылтайға көшу, Вице-Президент лауазымын енгізу, Халық Кеңесін құру, сондай-ақ азаматтардың цифрлық құқықтарын бекіту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

