А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің музейіне танымдық экскурсия

2026 жылғы 19 қарашада Ұлттық валюта – теңге күніне орай ұйымдастырылған қаржы апталығы аясында Қ-26-01 және Ф-26-01 топтарының студенттері кураторлары – PhD докторы, доцент Арайлым Сәкенқызының жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің музейіне барды.

Экскурсия барысында студенттер ұлттық валютаның тарихымен, теңгенің қалыптасу және даму кезеңдерімен, сондай-ақ ақша айналымының ерекшеліктерімен танысты.

Танымдық іс-шараның мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, ұлттық валютаға деген құрмет сезімін қалыптастыру және қаржы саласына қызығушылығын арттыру.

Мұндай іс-шаралар теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға және студенттердің кәсіби дүниетанымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Прокрутить вверх