А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

«Эмоциялар бақылауда» семинар-тренингі

2026 жылғы 19 қарашада Еуразия гуманитарлық институтында «Эмоциялар бақылауда» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің № 3 қалалық емханасының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі және «Жас Толқын» жастар денсаулық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Семинар-тренинг барысында психолог Д. Ж. Ильяшова қатысушыларды эмоциялық өзін-өзі реттеу әдістерімен таныстырды. Практикалық жаттығулар арқылы студенттер өз эмоцияларын анықтап, оларды конструктивті түрде білдіруді, импульсивті әрекеттерді бақылауды, мазасыздық пен эмоциялық күйзелісті жеңуді үйренді.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, психикалық денсаулықты сақтау бойынша пайдалы кеңестер алды.

Прокрутить вверх