Әр бөтелке — кішкентай жеңіс. Жиналған пластик қайта өңдеуге жіберіліп, табиғатқа түсетін ауыртпалықты азайтуға және біздің экологиялық жауапкершілігімізді арттыруға мүмкіндік береді.
Экологияға қамқорлық бүгін студенттердің жасаған ісі сияқты қарапайым әрекеттерден басталады. Сондай-ақ топ кураторы Н.Д. Унарбекова студенттердің бастамасын қолдап, бөтелке жинауды ұйымдастыруға көмектесіп, акцияның тиімді әрі нәтижелі өтуіне үлес қосты.







