А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Инклюзивті білім беруді дамыту: халықаралық тәжірибе және тиімді практикалар

7 сәуір 2026 жылы доцент Аязбаева Асемгуль Темирхановна және Т-23-01 тобының студенттері «Инклюзивті білім беру» пәні аясында «Инклюзивті экожүйені қалыптастырудағы халықаралық серіктестік және тәжірибелер» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға негізгі спикер ретінде қатысты.
Аязбаева А.Т.-ның баяндамасы 12.01.2026 ж. №21 бұйрыққа сәйкес А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ішкі қаржыландыру гранттық жобасы аясында орындалған зерттеу нәтижелеріне негізделіп ұсынылды.
Конференцияның мақсаты – инклюзивті білім беруді дамытудағы өзекті мәселелерді талқылау, халықаралық тәжірибе алмасу және тиімді, дәлелді тәжірибелерді таныстыру болды. Іс-шара қойылған мақсаттарға сәйкес жоғары ғылыми-тәжірибелік деңгейде ұйымдастырылып, нәтижелі өтті.
Прокрутить вверх