2026 жылдың 17 сәуірінде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты студенттері үшін «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдерімен кездесу өтті. Бұл ұйым Партия AMANAT партиясы жанынан құрылған.
Кездесу қонақтары: Жылқыбаев Мерхат Сәкенұлы — Республикалық кәсіпкерлер лигасының төрағасы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бизнес-инкубаторы кеңесінің мүшесі, Жеткергенов Сұңғат, Дулатова Эльмира.
Кездесу барысында студенттерге Жаңа Халықтық Конституцияның негізгі құндылықтары кеңінен түсіндірілді: заң үстемдігі, әділеттілік, тең мүмкіндіктер және әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігі.
Ашық диалог форматында өткен шара студенттерге өз ойларын еркін жеткізіп, көкейдегі сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік берді.


