А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай «Шоқан мұрасы – ұрпаққа аманат» атты іс-шара

2026 жылдың 17 сәуір күні «Тұран» тарихи үйірмесінің ұйымдастыруымен ұлы ғалым, ағартушы, зерттеуші Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай «Шоқан мұрасы – ұрпаққа аманат» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында студенттер ғалымның ғылыми еңбектері мен зерттеулерінен үзінділерді аударып, олардың тарихи және ғылыми маңызын талқылады. Шара аясында Т-23-01 тобының студенті Сүндетбай Ләйлә «Шоқан мұрасы» тақырыбында мақала қорғап, ғалымның қазақ тарихы, этнографиясы және шығыстану ғылымына қосқан үлесі туралы баяндама жасады. Сондай-ақ Т-23-01 тобының студенті Сандыбеков Ерболат «Шоқан Уәлихановтың өмірбаяны» тақырыбында мақала оқып, ғалымның, ғылыми еңбектеріне тоқталды . Іс-шара барысында студенттер Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасының құндылығын терең түсініп, оның еңбектеріндегі тарихи деректер мен ой-тұжырымдарды талқылап, өз пікірлерін білдірді.Аталған шара студенттердің тарихи танымын кеңейтіп, ұлы тұлғаның ғылыми мұрасын насихаттауға, сондай-ақ жастардың ұлттық тарих пен ғылымға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Прокрутить вверх