А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ЕАГИ студенттері әскери-патриоттық музейде болды

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері аға оқытушы, магистр А.Қ. Шокатовамен бірге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейіне барып, танымдық әрі тәрбиелік маңызы зор іс-шараға қатысты.

Іс-шара барысында Алматы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, подполковник Қасенов Серік Хайдарұлы дәріс оқып, жастарға ел қауіпсіздігі, әскери қызметтің маңызы және Отан алдындағы азаматтық жауапкершілік туралы мазмұнды ақпарат берді.

Студенттер музей экспозицияларымен танысып, Қазақстан Қарулы Күштерінің қалыптасу кезеңдері мен тарихи жетістіктері туралы білімдерін толықтырды.

Аталған іс-шара студенттердің патриоттық санасын қалыптастыруға, тарихи жадысын нығайтуға және азаматтық ұстанымын дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.

Прокрутить вверх