2026 жылғы 28 сәуір күні Еуразия гуманитарлық институты имени А.К. Кусаинова жатақханасында студенттерге арналған психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шараны ЕАГИ Психологиялық қолдау қызметінің маманы Турманова Ж.Е. өткізді.
Тренинг барысында қатысушылар өз эмоцияларын тану, мазасыздықпен жұмыс істеу, сенімсіздікті жеңу жолдары және ішкі ресурстарды дамыту әдістерін меңгерді. Арт-терапия элементтері арқылы студенттер өз сезімдерін еркін жеткізіп, шығармашылық атмосферада жаңа тәжірибе алды.
Іс-шара жылы әрі ашық форматта өтіп, қатысушыларға психологиялық қолдау мен мотивация сыйлады.
Тренингке белсенді қатысқан ППҚ-23-01 және ППТҚ-24-01 топ студенттері — Байтхан Айман, Жулдызбаева Дария, Қыдырали Ақбота, Хамитова Айым, Хамраева Динара — алғыс хаттармен марапатталды.