А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Шетел тілдері апталығы

Шетел тілдері апталығы аясында ШТ-23-02, 23-03, 23-04 академиялық топтарында кураторлар, аға оқытушылар Сарсенова А. М. мен Сұлтанова С. М.-ның жетекшілігімен «Great Britain: History, Culture and Literature» тақырыбында елтану викторинасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің шетел тілін, сондай-ақ оқытылатын тіл елдерінің әдебиетін, дәстүрі мен мәдениетін меңгеруге деген қызығушылығын арттыру.

Викторина 5 бөлімнен тұрды: жалпы мәліметтер, тарих, танымал тұлғалар, мәдениет және әдебиет.

Студенттер берілген тапсырмаларды сәтті орындап, Ұлыбританияның тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері бойынша жоғары білім деңгейін көрсетті.

Викторина қорытындысында қатысушылар ағылшын тілін меңгерудегі шараның маңыздылығын ерекше атап өтті. Студенттер оқытылатын тіл еліне деген қызығушылық танытып, достық орта қалыптасты.

Прокрутить вверх