Іс-шараға Астана қаласы мен Ақмола облысының мектеп оқушылары қатысып, тіл және әдебиет, тарих және өлкетану, жаратылыстану ғылымдары, экономика және кәсіби бағдар бағыттары бойынша зерттеу және шығармашылық жобаларын ұсынды.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың зерттеушілік мәдениетін дамыту, жобалық қызметті қолдау және ғылыми жұмыстарды көпшілік алдында қорғау дағдыларын жетілдіру. Секциялар жұмысы барысында қатысушылар өз жобаларын жетілдіру және конкурстық жұмыстарды дайындау бойынша сараптамалық ұсыныстар алды.
Іс-шара барысында оқушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға, зерттеушілік қызметке қызығушылығын арттыруға және кәсіби өзін-өзі анықтауына ерекше назар аударылды.
ЕАГИ-дің осындай бастамаларға қатысуы институттың елорда және Ақмола облысы мектептерімен ынтымақтастығын нығайтуға, сондай-ақ «Педагогикалық сынып» жобасы аясындағы кәсіптік бағдар беру жұмысын дамытуға ықпал етеді.




