Білім беру жүйесінің стратегиялық дамуы: конституциялық құндылықтар, жасанды интеллект және адами капитал тақырыбындағы Астана қаласы педагогтерінің тамыз форумы
17 тамыз күні Білім беру жүйесінің стратегиялық дамуы: конституциялық құндылықтар, жасанды интеллект және адами капитал тақырыбындағы Астана қаласы педагогтерінің тамыз форумы өтті. Форумның пленарлық мәжілісінде Астана қаласының әкімі Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы, ҚР Оқу-ағарту министрі — Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова, Астана қаласының Білім басқармасының басшысы — Қасымхан Сенғазыұлы Сенгазыев және белгілі зертеуші педагогтар баяндамалар жасады. Форум жұмысына А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор С.А. Ескалиев қатысты.



