Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай А.Қ. Құсайынов атындағы ғылыми-зерттеу орталығы мен Астана қаласы әкімдігінің «Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицей» ұжымы бірлескен ғылыми семинар өткізді.
Семинар барысында А.Қ. Құсайынов атындағы ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.к., профессор Дауренбекова Лаура Ноғайбекқызы мен орталықтың ғылыми қызметкері Қиарыстанова Гүлжан Қанатқызы «А. Байтұрсынұлы тағылымы және «Адал азамат» біртұтас тәрбие концепциясы» тақырыбында баяндама жасады. Әсіресе, ұлт ұстазының аударма саласы мұраларындағы адами болмыс, жауапкершілік, әділеттілік сынды қағидаларға баса назар аударылды.
Ғылыми семинарға 10-11 сынып оқушылары мен мектеп ұстаздары белсене қатысты. «Бір сұрақ – бір ой» форматында қатысушылар «Адал азамат», «Ұлт ұстазы», «Ұлттық құндылық», «Ел болашағы» ұғымдары төңірегінде өз ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар, Л.Н. Дауренбекова мен Г.Қ. Қиарыстанованы мектеп директоры Р.К. Каскабаева жеке қабылдап, институт пен мектеп арасында тәжірибе алмасу және өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.




